Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Алау» бағдарлы лагері
02-06-2017 10:59
«Алау» бағдарлы лагері

2017 жылдың 1 маусымы Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде «Алау» бағдарлы лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Оқушыларға лагерь жұмысының бағыты таныстырылып, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Нәжім Мейрімхан Бахрадинқызы өзінің құттықтау сөзін арнады.
Іс-шара барысында мектебіміздің жас өнерпаздары тамаша әндер орындап, ұйымдастырушылар балалармен ойындар өткізді. Балалар жасырылған әндердің аты мен орындаушыларын, ал «Жас полиглот» сайсында өздерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша білім-біліктерін сынап көрді. Дұрыс жауап берген оқушылары тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Ашылу салтанатынан кейін барлық балалар жетекшілерімен бірге Орталық жағалауға барып облысымыздың балалар шығармашылық ұжымдарының шеруін тамашалады.