Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің лагерь өмірі, өтіп жатыр көңілді!
12-06-2017 11:46
Біздің лагерь өмірі, өтіп жатыр көңілді!

      ЖАРАЙСЫҢДАР, ҰЛДАР! Бүгін біздің ұлдар командасы «Super ұлдар» қалалық жазғы жобаның ІІ-турына қатысып, белсенді қатысқаны үшін мадақтау қағазымен марапатталды.
     «Алтын балық» пен «Жұлдыз» топтары тағы қонақжай «Болашақ» клубына барды. Балалар қызықты « Музыка әуенімен қимыл жаса», « Менің жүрісім», «Картоп» ойындар ойнап, жайдарлы көңілмен қайтты.
      Бала еңбегін пайдалануға қарсы бүкіләлемдік күрес күніне арналған «Балалар еңбегін пайдалануға қарсымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Осы шараның мақсаты оқушыларға балалардың құқығы, балалар еңбегін зансыз пайдалануға тыйым салынатыны жөнінде түсінік берілді.
      Оқушылар шара барысында «Бақытты балалық шақ» атты сурет салғызып,»Бала еңбек етуге емес, оқуға міндетті» видеоролигі көрсетілді.

     "Жолда жүру ережесі" атты викториналық ойын үйымдастырылды. Оқушылар жол белгілері мен жол ережелерін қайталап, викториналық сұрақтарға жауап берді. «Бағдаршам» ойынында балалар бағдаршамның түстері ауысып отырғанда жылдам қимылдарын жасап отырды. Жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар таратылды.