Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ертегілер әлеміне саяхат
14-06-2017 17:06
Ертегілер әлеміне саяхат

       Балалар музыка әуенімен денелерін шыныктырып, көңілді күйде бүгінгі лагердегі 9- күндерін бастады.

Таңғы ас ішіп, топтар өз маршруттарымен саяхаттарын бастады.
«Алтын балық», «Жұлдыз», «Балдырлар», «Дельфин», «Кит» топтары Ертіс Sinema» кинотеатрына барып, «Спарк-герой вселенной» атты мультфильм тамашалады.

«Дельфин», «Кит»,«Маржан» топтарындағы балалар Павел Васильев атындағы кітапханаға барып, « Суда жүзу ережелері» атты тәрбие сағатына қатысты.Қутқарушы ағай судағы қауіпсіздік туралы әңгімелеп берді, балалар өзенде шомылу қауіпсіздігі туралы сурет сайысына қатысты, «қауіпсіздік» сөзіне жаңа сөздер құрастырды,викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алды.
Балаларды, үйқыдан кейін, «Дельфин» тобының көмегімен дайындаған «Ертегілер әлеміне саяхат » атты іс- шараға шақырды. Бұнда балалар «Шалқан» ертегісін тамашалап, ертегілерге байланысты жұмбақтар шешті. Ертегілер кейіпкерлерімен ән айтып,би биледі.Осындай көңілді саяхатпен қызыққа толы тағы бір күн өз мәресіне жетті.