Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қайырымдылық – асыл қасиет
25-08-2017 06:00
Қайырымдылық – асыл қасиет

      Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге беретін көмек және ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Қайырымдылық адам бойындағы асыл қасиеттерді дәлелдеуді қажет етеді. 

       Алла Тағала Құран Кәрімнің «Тағабун» сүресінің 16-18 аяттарында: - «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер, оның айтқанына бойұсыныңдар, Алла жолында мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл – өздерің үшін қайырлы. Егер Алла ризалығы үшін дүние жұмсасаңдар, Алла оның есесін еселеп қайтарады. Алла береген кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол – құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» деп, пендесіне игі амалдар жасауды міндеттейді. Муслим жеткізген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде: - «Ақиқат байлық – мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық – кеңпейілділік, қайырымдылық, ол – адамдағы ең жақсы қасиет» деп өсиет етеді.
       Биылғы 2017 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» науқаны «Менің таңдауым – балаларға көмек!» атты ұранмен ұйымдастырылып отыр. Бұл шара мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мүмкіндігінше көмек көрсету. Айлық аясында №35 ЖОББ мектебі бойынша бұйрық негізінде тиісті іс-шаралар жоспарланып, бекітілді және іске асырылуда.
Мектеп бойынша аз қамтылған, көп балалы және жетім (немесе қамқоршысынан айырылған) балалар анықталуда.
      «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ даналығы. Үлкен байлықпен адамға үлкен қайырым бітпейді, керісінше, үлкен қайырымдылық – жиған байлығыңды абыройлы етеді. «Қолы ашықтың – жолы ашық» деген тағы бір сөзі бар қазақта. Міне, қолындағы барымен тағдырдың тауқыметімен ғаріп күн кешіп жүргендердің алғысына бөленіп жүрген жандар да аз емес. Осындай жомарт жүректі адамдардың бірі – Сүлейменов Мақсұт.
      М.Ш.Сүлейменов – Павлодар қаласындағы «Фирма ДИЗ РV» ЖШС-нің басшысы. Кәсіпкер көз жанарынан айырылған мүгедек ананың оқушы жастағы баласы Қайыргелді Саятқа 200.000 (екі жүз мың) теңге ақшалай көмек көрсетті. Ол азамат болашақта тағы да ақшалай көмек көрсететіндігін ескертті. Бұл ақшалай көрсетілген материалдық көмек оқушының мектепке қажетті киім-кешек алуына жұмсалады. Баласына көрсетілген материалдық көмек үшін мүгедек ана ризашылығын білдірді.
      Халқына игі іс жасайтын азаматтардың қатары көбейе берсін, Алла жолындағы құлшылықтары толассыз сауап ретінде қайтарылсын демекпіз.

№35 ЖОББ мектебінің әлеуметтік педагогы А.Е. Мундуинова