Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Тілдер айлығы"
21-09-2010 18:00

Тілдер мерекесіне орай Тілдер айлығы шеңберінде "Ұлттық құндылық негізі-мемлекеттік тіл" тақырыбында біздің мектепте түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Көңілді тапқырлар", "Алтын қақпа", "Тапқыр достар" "Талаптыға нұр жауар" тәрізді білімділер сайыстары жүргізілді.

21 қыркүйек күні мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің ұстазы Манабаева Гүлбайрам Рахымқызы 9 - сыныптармен "Жанымда жүр жақсы адам" атауымен кездесу кешін өткізді. Кездесуге Павлодар облыстық Тілдерді дамыту департаменті бастығының орынбасары Еділбай Кабжан Шорманұлы шақыртылды.

Кездесу барысында оқушылар тілдер аясында өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, Кабжан Шорманұлынан еліміздегі, облыс, қаладағы тілдердің жағдайы туралы толық мәліметтер алды. Кеш ән, күй, бимен әрленіп отырды. Кездесу өте тартымды, есте қаларлықтай өтті.