Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектепке жол» акциясы аясында орындалған жұмыстың айлық есебі
10-10-2017 02:56
«Мектепке жол» акциясы аясында орындалған жұмыстың айлық есебі

№35 ЖОББМ бойынша «Мектепке жол» акциясы
аясында орындалған жұмыстың айлық есебі
(01-30 тамыз 2017 жыл)

      «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асырылып отырған шара мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мүмкіндігінше көмек көрсету.
      Айлық негізінде мектепішілік бұйрық шығарылып, аз қамтылған, көп балалы және жетім (немесе қамқоршысынан айырылған) балалар анықталды. Бұл балаларға жаппай оқу қорынан көмек көрсетіліп, арнайы санатқа жататын оқушылар үшін бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтану қамтамасыз етілді.
      Мектептің фойесінде Республикалық «Мектепке жол» акциясының басталғандығы жайында баннер құрылды.
      Акция мақсатын іске асыру барысында мектеп оқушыларының ішінде мұқтаж деген оқушыларға қажетінше көмек көрсетілді. Сондай мұқтаж оқушыларының бірі – 9 «Б» сыныбына көшкен Қайргелді Саятқа Павлодар қаласындағы «Фирма ДИЗ РV» ЖШС-нің басшысы Сулейменов Максут 200.000 (екі жүз мың) теңге ақшалай көмек көрсетті. Бұл ақшалай көрсетілген материалдық көмек оқушының мектепке қажетті киім-кешек алуына жұмсалады.
      Ал Бексултанов Байзолла Зейнуллинович (ата-ана) 15 000 (он бес мың) теңге ақшалай көмек көрсетсе, Байбакина Роза Токтаровна (ата-ана) жалпы құны 20 000 (жиырма мың) теңгені құрайтын аяқ киім және 3000 (үш мың) теңге ақшалай көмек көрсетті.
      Павлодар қаласы бойынша ата-аналарының тапқан табысы күнкөріс құнына жетпейтын отбасы балаларына әр саладан мүмкіндігінше көмек көрсетіліді.
№35 жалпы орта білім беру мектебінің 6 «Ә» сынып оқушысы Ильясова Ираданың отбасына Павлодар қалалық Ішкі істер департаменті қызметкерлері қайырымдылық жасады. Көмек түрі – 10 (он) кг қой еті. Еттің құны өңірімізде 14 000 (он төрт мың) теңгені құрайды. Көмек түрін ақша құнымен есептегенде Илясова Анара Маратовнаның (Ильясова Ираданың анасы) отбасына 14 000 (он төрт мың) теңгенің құнына сай келетін азық-түлектей (еттей) көмек берілді.
      7 «Б» сынып оқушысы Дурмагамбетова Маххабатқа Павлодар қаласының Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері 16.000 (он алты мың) теңгемен ақшалай көмек берді.
      Директорының инновация ісі жөніндегі орынбасары А.С.Дюсенбаева 2 «В» сынып оқушысы Иманқұл Мырзабекке спорт киімі мен 6 «Ә» сынып оқушысы Серикбаева Рысгүлге мектеп формасын сыйлады. Ал мектеп психологы Г.Б.Жетибаева 10.000 (он мың) теңгеге Сарсенбаев Дамирге (8 «А» сынып оқушысы) күздік сырт киім (куртка) табыстады.
      Сондай-ақ 1-сыныпқа алғаш қадам басқан аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға (Амантай Арланға) да Павлодар қалалық «Халық банк қайырымдылық қорынан» 1-сынып оқушысына шақталған рюкзак табыс етілді.
«Мектепке жол» айлығының жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.
      Жоғарыда көмек көрсетілген тұлғаларға мектеп ұжымы атынан ризашылығымызды білдіреміз.


                                                                                Әлеуметтік педагог А.Е.Мундуинова