Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бала құқығы – асыл қазына.
05-12-2017 04:32
Бала құқығы – асыл қазына.

     2017 жылдың 20 қарашасы мен 30 қараша күндері аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндік өтілуде. Дүниежүзілік бала күніне арналған бұл атаулы республикалық онкүндік аясында №35 жалпы орта білім беру мектебі бойынша мектепішілік іс-шаралар жоспарланды.

     Шараға ата-аналар, мектеп инспекторы мен оқушылар және сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог пен психолог мамандары тартылды.

      Жоспарланған іс-шаралар негізінде «Бала құқығы – асыл қазына» атты 7-сыныптар аралығында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылар құқықтары жайында ақпараттандыру, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру болатын.

      Тәрбие сағаты бала құқығына байланысты бейнефильм көрсетуден басталды. Слайд арқылы Қазақстан Республикасының Заңнамалары көрсетілді және жадынамалар таратылды. Жадынамада бала құқығына қатысты тиісті баптар алынған.

      7 «Ә», «Б» сыныптары ұйымдастырған бұл шарада өздері жүргізуші, психолог маманы, құқық бөлімі қызметкері болып, сахналық көрініс қойды. Қатысушылардың тиісті сұрақтарына қанағаттанарлық жауап бере де білді.

      Б.Момышұлы «Азамат жолы – ар жолы» демекші, егеменді еліміздің айбынды, білімді азаматы болуы мектеп қабырғасынан алған білім-өнеге мен отбасындағы саналы тәрбиенің арқасы болмақ. 

Әлеуметтік педагог А.Е.Мундуинова