25 қараша күні №35 жалпы орта білім беру мектебінде 7 сыныптардың ата –аналарымен бірге мектеп психологы «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» атты тренинг өткізді. Мақсаты: отбасында зорлық зомбылыққа жол бермеу, қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру болды.
Тренингті Ж.Б.Какимова кіріспе сөзбен бастады. Балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отыратыны жайында, осы кезде бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілерге тоқталып өтті. Сонымен қатар, ата –аналар бейнефильмді көріп, зорлық – зомбылықтардың түрлерін анықтады.Тренинг соңында ,ата –аналарға кеңестер беріліп,жадынамалар таратылды.