Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген іс-шара туралы ақпарат
09-12-2017 05:41
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген іс-шара туралы ақпарат

      2017 жылғы 29 қараша күні «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасы, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өткізілді. 

     Мектептің «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі Шарбакбаева А.А. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында презентация ұсынды. 

     Мектеп омбудсмены, мектептің және Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшесі 9 «А» сынып оқушысы Муканова Данель оқушылар тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мақсатында өткізіліп жатқан шаралар туралы айтты. Сөзінің сонында барлық оқушыларды сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге шақырды. Оқушылар өздерінің пікірлерімен бөлісіп шараға қорытынды жасалды.