Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік сайысы
06-02-2018 21:40
«Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік сайысы

     Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері апталығы аясында 5-сыныптар арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты білім алушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен білімдерін жетілдіру, логикалық ойлауын дамыту, шығармашылықтарын шыңдау болып табылды.
      Сайысқа 15 оқушы қатысып, 25 оқушы көрермен болды. «Мозайка» әдісі бойынша топтарға бөлінген оқушылар «Ұшқыр ой», «Айшықты сөздер», «Жалғасын тап», «Ескірмеген есті сөз» айналымдары бойынша білімдерін саралады. Сайыс барысында ұшқыр ойлы, шешен тілді, тапқыр да шапшаң оқушылар өз деңгейлерін көрсете алды. Білім алушылар қазақтың ауыз әдебиетінің, көркем сөзінің асыл маржандарын теріп айтып, тыңдай алды. Тек қана қатысушылар емес, көрермендердің де көңілінен шыққан сайыста балалар өз мақсаттарына жете алды.