Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бала тәрбиесімен кім айналысады?» атты ата- аналар университетінің отырысы
06-03-2018 00:30
«Бала тәрбиесімен кім айналысады?» атты ата- аналар университетінің отырысы

      2018 жыл 24 ақпанда Павлодар қаласы № 35 жалпы орта білім беру мектебінде 5-6-сынып ата-аналарынмен «Бала тәрбиесімен кім айналысады?» тақырыбында ата- аналар университетінің отырысы өткізілді. Ұйымдастыру барысында 5-6-сыныптың сынып жетекшілері М.Б.Нәжім, К.С.Табикенова, Р.У.Кусаева, Қ.Х.Жунуспаева, К.Н.Асылханова үлкен белсенділік көрсетті.
       Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
       Аталған іс-шараға 30 ата-ана қатысып, берілген сауалнамаларға жауап берді, сондай-ақ өз ойларымен бөлісті.
       Бүгінгі таңда бала тәрбиесінде орын алған проблемаларды шешу үшін тек педагогикалық емес, сонымен бірге ата-аналардың да жауапкершілігі мол.
Ата-ана-бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы.
       Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз.Сондықтан «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер.Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп Мағжан Жұмабаев айтқан-бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі болмақ.

Ақпаратты дайындаған: 6 «Б» сынып жетекшісі: К.С.Табикенова