Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Шарықтай бер, Астана!
03-04-2018 23:50
Шарықтай бер, Астана!

2018 жылдың 29 наурызы күні №35 жалпы орта білім беру мектебінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Оған 8«а» және 8«б» сыныбының оқушылары қатысты. Мектебіміздің мұғалімдері Кибатова С.Б. оқушылармен «Ару қала – Астана» деген тақырыптағы саяхат сабағын өткізсе, Досмагамбетова С.А. «Астана – елдің бірлігі, Астана – жердің кіндігі» танымдық ойын сағатын өткізді. Қатысушылар Астана қаласының көрікті жерлері туралы өздерінің білетіндерімен бөлісті, жаңа ақпараттар алды. Астананың маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ән де шырқап жіберді.

Іс-шара барысында көрші мемлекет Ресейдің Кемеров қаласында орын алған қайғылы жағдай жөнінде де ой бөлісу өткізілді. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Жомартова Н.Ж. оқушылармен әңгіме жүргізді.

Ұйымдастырушылар үшін де, оқушылар үшін де бұл іс-шаралардың пайдасы мен маңызы мол болды.