Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ 7 - КҮНІ. 11.06.2018
11-06-2018 23:34
«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ 7 - КҮНІ. 11.06.2018

1. «Ертегілер елінде» жазғы сауықтыру лагерінің «Бауырсақ» тобы «Болашақ» аула клубына саяхат жасады. Балалар ойын ойнап, би билеп көтеріңкі күймен оралды.
2. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Ертегілер елінде» жазғы сауықтыру лагерінің «Алтын балық» пен «Алдар Көсе» топтары «Бұқар жырау» мұражайына саяхаттады. Балалар «Қазақтың үрмелі аспаптары» туралы мәлімет алып, ойын ойнап сыйлықтарға ие болды.
3. «Ертегілер елінде» жазғы сауықтыру лагерінің «Мақта қыз» бен «Шалқан» топтары М.М. Катаев атындағы «Балалар әлемі» лагерінің «Балапан пен түлкі» қойылымын тамашалады. Балаларға достар әрқашан бір-біріне көмек көрсету керек екендігі мақсатталынған.
4. №35 мектеп жанындағы «Ертегілер елінде» жазғы сауықтыру лагерінің «Айналайын» үйірмесі қуыршақтар арқылы өз ойларынан ертегі құрастырып, көрініске дайындалды.
5. «Ертегілер елінде» жазғы сауықтыру лагерінің балаларымен «Жол ережесі кімдікі- дұрыс,кімдікі – бұрыс» атты ойын сағаты өтті. Балалар бағдаршам, жол шартты белгілері, ережелері туралы мәлімет алды.Қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы қызығушылықтары артты және белсенділерге тәтті сыйлықтар таратылды. Оқушыларымыз көтеріңкі көңіл күймен күнді би кешімен аяқтады.
6. «Қылқалам» үйірмесі «Түстерді үйлестіру» тақырыбында ойын өткізді. Сонымен қатар түстердің көңіл күйлерге ұқсайтынын салыстыру үшін «Актерлік» ойынын ойнады.