Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық «Мектепке жол» акциясының жүзеге асырылуы
05-09-2018 19:06
Республикалық «Мектепке жол» акциясының жүзеге асырылуы

      «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аз қамтылған, көп балалы, жайсыз отбасы балалары, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үшін әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 2018 жылдың «01» тамызы мен «30» қыркүйегі аралығында жалпы республикалық іс-шаралар жоспары әзірленді.
      Республикалық «Мектепке жол» акциясын насихаттауда мектептің фойесіне баннер құрылды.
Мектеп бойынша көмекке мұқтаж отбасы балалары анықталды. Анықталған мұқтаж отбасы балаларына жаппай оқу қорынан 448000,0 (төрт жүз қырық сегіз мың) теңгеге кеңсе тауарлары мен киім-кешектей көмек көрсетілді.
Павлодар қаласы бойынша ата-аналарының тапқан табысы күнкөріс деңгейіне жетпейтын отбасы балаларына әр саладан мүмкіндігінше көмек берілуде.
Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикалық Қызыл Ай Қоғамы филиалы акция барысында мектебіміздің аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан үш оқушысына кеңсе тауарын ұсынды.
Көмек көрсетілген тұлғаларға мектеп ұжымы атынан ризашылығымызды білдіреміз.

Әлеуметтік педагог А.Е.Мундуинова