Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Досыңа қарап - адамды таны" ашық сынып сағаты
24-11-2018 16:52

      24 қараша күні мектебімізде "Заманауи көшбасшы" арнайы жобасы аясында "Досыңа қарап - адамды таны" тақырыбында 9-шы сыныптар арасында дөңгелек үстел түрінде ашық сынып сағаты өтті.
      Сынып сағаты барысында "достық" ұғымы жан-жақты талқыланып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысушылар "достық - ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық" екеніне тағы бір мәрте көз жеткізіп, тақырыптың мәнділігін, яғни достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті, өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі, нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдесу екенін талқылап, атап өтті.
      Ашық сынып сағаты оқушылар үшін қызықты да тәрбиелік мәні бар іс-шара болды деуге толық негіз бар.
      Ашық сабақты өткізген: химия пәнінің мұғалімі С.А. Досмагамбетова