15 мамырда №35 жалпы орта білім беру мектебінде мемлекеттік тілде оқытылатын өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған «Отбасының басты құндылықтары» атты қалалық семинар-тренинг өтті. Бұл семинар - тренингке ата-аналар қатыстырылды.Тренингті атаулы мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Какимова Жанар Бакеновна ұйымдастырды.
Мақсаты: Ата-аналарға «Өзін - өзі тану» сабағындағы жалпы адамзаттық құндылықтар бағдарламасының рухани – адамгершілік құндылықтарды дамытудағы маңыздылығы мен қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру, мағлұмат беріп, пікірлесу болды.
Тренингте ата –аналардың бойына жанұядағы жарасымды ынтымақтастық,ізгілік, сүйіспеншілік,мейірімділік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағыт – бағдар беру мақсатында ата –аналар мен мұғалімдер құндылықтар бойынша топтарға бөлінді.Топтарда «Танысу», «Интервью» жаттығулары жүргізіліп, топтар өздеріне бөлінген құндылықтарға байланысты постер қорғап және шығармашылықтарын жетілдірді. Ән айтып,өлең оқыды,өмір тәжірибесіне сүйеніп жағдаяттардан шығу сияқты тапсырмаларды орындады.
Ұстаздар мен ата –аналар ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта осындай семинар- практикумдардың жиі болуын ұсынды. Семинар –тренинг өз мақсатына жетті.
--
Жанар Какимова