Латын графикасы – рухани жаңғыру жолы
2019 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 11.00-де Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Бүкіл республикамен үндесе өткен бұл ашық диктанттың мақсаты – ел азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету.
Ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы болып отырған диктант тақырыбы - «2019 жыл - Жастар жылы». Аталмыш іс-шараға мектебіміздің орта және жоғарғы буын оқушыларынан барлығы 434 білім алушы қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.