Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН БІЛУ – ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
11-09-2019 10:21
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН БІЛУ – ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
2019-2020 оқу жылында оқушылардың жол-көлік салдарынан жарақаттанудың алдын алу бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Жолда жүру ережесі айлығының мақсаты - оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, көшеде дұрыс жүруге, жол белгілерін жатқа білуге үйрену және жолда көлік апаттарынан сақтандыру мен оқушылар өмірінің қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
Айлық барысында ЖЖЕ айлығының жоспарына сәйкес ашық сынып сағаттары өткізілді. Қыркүйек айында «Жол ережесін білу – бәріне міндет» және «Абайлаңыз, балалар» деген тақырыпта жолда жүру ережесін, жол белгілерін толық үйрету мақсатында айлық тәрбие жұмыстары өткізілді.
1-ші сынып оқушыларымен «ЖЖЕ білесің бе?» тақырыбында ҰКТ тәрбиешілері тәрбие сағатын жүргізді. Мақсаты – оқушыларға жолдағы қауіпсіздік туралы жауапкершілікті арттыру. Тәрбие сағат барысында балалардың жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, баршаға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу басты назарға алынды. Бағдаршам, жол белгілері, жол ережесіне арналған суреттер, т.б көрнекіліктерге толы ашық аспан аясында, таза ауада өткен тәрбие сағаты балаларға ұнады.
Қорытынды: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.
 
Павлодар қаласының №35 ЖОББМ СӨС үйлестірушісі: Ж.А.Садыкова