2020 жылы 5 ақпанда Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» «Мәшһүр Жүсіп» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.
Байқау мақсаты – өскелең ұрпақты халық шығармашылығы негізінде, ұлы ақынның рухани мұрасы арқылы тәрбиелеу, өңіріміздің мәдениет, әдебиет майталмандарының шығармашылығын зерттеу. «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қонағы ретінде Мәшһүр атамыздың ұрпағы, шығыстанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Ертай Қуандықұлы Жүсіпов шақырылды.
«Білімді зерек адам болам!» десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында ІІ дәрежелі дипломмен №35 жалпы орта білім беру мектебінің 11сынып оқушысы Хамитова Айзада марапатталды. Жетекшісі: Қ.С. Табикенова. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!