2016 жылғы 24 желтоқсанда Жаңа жыл қарсаңында № 36 ЭБЖОБББМ 1-5 сынып оқушылары арасында қолайсыз, көпбалалы, аз қамтылған отбасындағы; жетім және ата-анасының қамқорысыз қалған балалар; мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға арналған "Балалар ғажайыптарға сенеді" жаңа жылдық қайырымдылық Акциясы өтті. Сүйікті өлеңдерін оқып, жаңа жылдық шыршаны айналғаннан кейін, мектеп кітапханасында "Орманда шырша туыпты" әнімен, әлеуметтік педагог Ж.З.Семеновамен., кітапхана меңгерушісі Т.С.Комкинамен., ОТӘ мұғалімі И.О.Приходченкомен (Аяз Ата)., тарих мұғалімі Д.М.Гейделингпен (Ақшақар) демеушілер атынан Жаңа жылдық сыйлықтар берілді. Акцияға "Антошка" ЖК басшылары: Макаров И.В. және Семенова А.В. (біздің мектеп оқушыларының ата-аналары) қатысты. Жалпы 100160 теңге сомасына Жаңа жылдық ойыншық-сыйлықтарды 1-5 сыныптардан 61 оқушы алды.