Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата Заңымыздың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған фестиваль
02-03-2010 18:00
Ата Заңымыздың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған фестиваль

Ақпан айының 25 күні, Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Ата Заңымыздың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған фестиваль өтті. Осы фестивальге біздің № 41 мектептің ұжымы белсене қатысып, Әділ қазылар алдында өз өнерлерін ортаға салды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері мен жас өнерпаздар бірігіп әдеби музыкалық кеш дайындады. Кеште қазақтың: «Шілдехана», «Бесікке салу», «Балаға ат қою», «Тілашар» атты дәстүрлері көрсетілді. Өлең оқылып, ән шырқалды. Ұстаздармен қатар Шығыс мөлтек ауданының қарт тұрғыны Мустафин Тлеуғабыл ата бата беріп, мұғалімдермен бірге мектеп намысын қорғады. 3 «Г» сынып оқушысы Елемесов Нұржан да көрермендерге әртістік қабілетін танытты. Музыка пәнінің мұғалімі Стрелец И.Н.-ның шәкірттері: 10 «Б» сынып оқушысы - Бауыржан Ләйлә, 11 «А» сынып оқушылары - Жакупова Аида мен Искакова Ботагөз әншілік қабілеттерін танытты. Сондай-ақ 8 сынып оқушысы - Куканов Бекежан жас күйші ретінде көрермендер ықыласына бөленді. Мектебіміздің хореографы Сокаренко Е.Г. дайындаған бишілер тобы қазақ биімен көрермендердің көңілін көтерді.

Сонымен қатар фестивальда қазақ халқының қолөнеріне қатысты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мектебіміздің еңбек пәнінің мұғалімдері: Левкович Г.П. мен Полищук Г.А. өз қолдарнан жасаған тұскиіз, сәукеле, құрақкөрпелер, қоржын т/б және оқушылардың төл туындылары қойылды.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, Ата Заңымыздың 15 жылдығы құрметіне арнап дайындаған әдеби-музыкалық кеш сәтті өтті деп ойлаймыз.