Павлодар қаласының білім беру бөлімі тарапынан бөтелкелердің қақпағын жинау бойынша қайырымдылық науқанын өткізу туралы айтылған болатын. Осы науқанның волонтерлері «Клуба добряков Павлодара» болып табылады.
Біздің мектепте осы науқан 14 наурыз күні бастауын алды. Мектеп директоры Анар Еркінқызы Солтанбекова біздің мектепте өтетін осы науқанға жауапты етіп әлеуметтік ұстаз Әлия Балғабайқызы Күлмағанбетованы жауапты тұлға ретінде тағайындады. Науқанның мақсаты педагогикалық ұжым мен оқушыларға түсіндірілді және сыныптарда оқушылар тарапынан ішін қақпақтармен толтыру үшін жәшік немесе бес литрлі бөтелке қою ұсынылды.
Оқушылар мен ата-аналар қоғамы осы қайырымдылы мақсатты қолай отырып осы науқанға қақпақты белсене жинап тапсыра бастады. Қақпақтарды жинау әр сыныпта санап және мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асты. Күнсайынғы мониторингтің нәтижесі ақпараттық қабырғаға ілініп және сынып жетекші тарапынан сыныптың тұрған деңгейін анықтау мүмкіндігі бар. Мектептің білім алушылары бәсекелестікке қызығушылық танытты. Науқынның аяқталысымен белсенді болған сынып салтанатты жиында жарияланатын болады, ал белсенді оқушылар болса «Клуба добряков Павлодара» волонтерлер тарапынан мадақтанатын болады. № 41 мектептің педагогикалық ұжымы мен оқушылары «Клуба добряков Павлодара» волонтерлер қайырымды істері үшін алғыстарын білдіреді. Жер ғаламшарында көптеген мейірімді және қайырымды адамдар болсын. Науқан жалғастырылуды!!! Және де біз оған белсенді қатысамыз.
«БӨТЕЛКЕЛЕРДІҢ ҚАҚПАҒЫН ЖИНАУ БОЙЫНША НАУҚАНЫ»