Табиғатпен бірге болу – бұл тамаша!
Табиғатқа өз қолыңмен сүйекнгенге не жетсін, одан артық ғажап бар ма?
Бүгін, «Бағдаршам» жасағының балалары хайуанаттар саябағына барып табиғаттың лүпілдеген жүрегін жақынырақ ести алды! Балалар, түрлі әлем бұрышынан келген жануарларды қолдарына алып, оларды қоректендіріп, олармен ойнады. Мадагаскар қоңызы ыжылдады, питон балалардың қолдарын бұрап алды, теңіз шошқалары қуана дыбыстады, еріншек суырдың өзі де оянды. Балалардың көбіне өзін сипауға және жүн басқан қарнын тырнауға берген Маруся атты ұрғашы енот ұнады!