Әйелдердің ең сұлусы
Кітапхана 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелдердің ең сұлусы» атты ашық кітап көрмесіне шақырады. Көрмеде әйел затына арналған көркем туындылар ұлы Абайдың өлеңдері мен қазақ эпосы «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу», «Қыз Жібек»-тен бастап ұсынылған. Сондай-ақ танымал прозашылар Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш», Мұхтар Мағауидың «Қыпшақ сұлуы» және басқа да авторлардың туындыларымен таныса аласыздар.