Тағы да жеңіспен…
2018 жылдың 21-23 қараша аралығында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында жүзуден Омбы облысының ашық чемпионаты мен біріншілігі өтті. № 41 ЖОБМ-ның оқушысы Иван Щепов өзінің жаттықтырушысы Морозов Артем Александровичпен бірге осы жарыстарға қатысып, медаль алып келді. Бұл жолы 3 алтын (50 м брасс, 100 м брасс және 400 м еркін стиль) және 1 күміс медаль( 800 м еркін стиль). Бұл ретте жеке рекордтарды жаңартты.