№ 41 ЖОББМ және К. Макпалеев атындағы № 4 ЖОМ оқушыларының жеңіл атлетикалық жүгірісі ұйымдастырылды.Бұл шараның мақсаты: жас спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортты танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау. Жеңіл атлетикалық жүгіріс жыл сайынғы дәстүрлі шара .Оған 7-9 сыныптардан 23 оқушы қатысады. Биыл жүгіріс 22-рет өткізілуде. Жүгіру Павлодар-Қалқаман-Майқайың-Баянауыл-Қарағанды-Екібастұз-Павлодар бағыты бойынша өтеді.Жүгіріс Жеңіс күнінің 74 жылдығына орай, Кеңес Одағының Батыры Қанаш Камзиннің 100 жылдығына, "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығына және Жастар жылына арналған.
Әр елді мекенде қатысушылар волейбол,баскетбол,тоғыз құмалақ,асық ату бойынша жолдастық спорттық турнирлер өткізуді жоспарлап отыр. Даңқ обелискісіне гүл шоқтарын қоюды,соғыс ардагерлерімен ,тыл еңбеккерлерімен кездесулер өткізу, өңірлердің көрікті жерлерімен танысу да жоспарланған. Дәстүрлі жеңіл атлетикалық жүгірістің салтанатты басталуы 2019 жылы сәуірдің 29-і сағат 09.00 де Қанаш Қамзин ескерткішінің жанында болды.
Жүгірістің демеушілері-Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласының білім беру бөлімі, Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, АҚ "Форте банк», "Кейтеринбург Қазақстан" ЖШС-нің атынан Поматилов Сергей Сергеевич және Павлодар қаласының басқа кәсіпкерлері. Біздің оқушыларымызбен дене шынықтыру мұғалімдері М. М. Шортомбаев және В. С. Шибанов бірге қатысуда.Қатысушылраға өз жетістіктерің сәтті көрсетілуі мен Жеңіс мейрамынан жарқын әсер алуға тілектеспіз!