3 "А" сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті
3 "А" сыныбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тақырыбы: Тәрбие отбасынан басталады.М. О. Әуезов: «Бала ата - ананың тағылымымен» - өседі деген.
Ұлы Абай: «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» (19 - шы қара сөзінен)
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен. Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады. Ал адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.