Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: г.Павлодар, ул.Ткачева, 15
8(718)2-62-62-86 Call Center:
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда 14.00-17.00 Пятница 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру мектебінде 3 «Б» орыс сыныбында «Даланың дара ұстазы-Ыбырай» атты іс-шара өтті.
29-10-2021 14:05
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру мектебінде 3 «Б» орыс сыныбында  «Даланың дара ұстазы-Ыбырай» атты іс-шара өтті.

Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру мектебінде 3 «Б» орыс сыныбында  «Даланың дара ұстазы-Ыбырай» атты іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты:

1 Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру. Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету.

2 Ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жалғастыру қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.

3 Оқушыларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Бүгінгі іс-шарамыз Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянына арналған. Ыбырай Алтынсарин-қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты. Ы.Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Оқушылар іс-шарада Ыбырай атамыздың шығармаларынан үзінділерді оқып, жатқа айта отыра, өздерінің біліктіліктерін, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті. Ы.Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған.  Өз шығармаларында Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды. Ыбырай атамыз «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде оқу-білімнің пайдасы мен қараңғылықтың зиянын салыстыра отырып сиппаттайды. Ғылым-білімнің басты жауы- қараңғылықтың мән-жайын ашып береді. Ақын сол оқудың үйдегі әке-шешенің үміт тілегімен ұштасып жататынын да әсерлі жеткізеді.

Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай  шығармалары бар. Қазақ халқының дарынды перзенті Ы.Алтынсарин аса күрделі тарихи кезенде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезенде өмір сүрді. Қазақ халқының тарихында Ы.Алтынсарин ерекше роль атқарадыОл қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.

Ы.Алтынсарин өз халқын жан-итәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.

Ы.Алтынсарин-нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат-ақын, жаңашыл жазушы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

Оқушылар Ыбырай атамыздың  «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің қойылымын көрсетті. Әр бала қойылымға жоғары деңгейде дайындалғаны көрініп тұрды. Бұл ертегіні қоюдағы мақсат оқушылардың  тілдерін дамытып, білім деңгейлерін кеңейтіп, достыққа, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу еді,көріністі қойғаннан кейін осы қойған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын, өйткені, қойылым жоғары деңгейде өтті.

Мен осы іс-шараны ақын Ақылбек Шаяхметтің жазған өлең шумақтарымен аяқтағым келіп тұр:

Алтынсарин-мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқани бабамызды

Алтынсарин-даланың қоңырауы.

Іс-шараны өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Мадина Жұмабекқызы Магзумова