Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде күзгі каникул кезінде 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде күзгі каникул кезінде 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде І тоқсан қорытындысы, оқушылардың мектепішілік және мектептен тыс шарамен айналысуы, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, мектеп формасына қойылатын талаптар, оқу үрдісіндегі қауіпсіздік мәселелер қаралды. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінді.
Ата-аналар жиналысы кезінде мұғалімдер қолданылатын дәстүрлі емес формалар: тренинг, арт-терапия, шай үстінде әңгімелесу, ата-аналардың жұмысқа араласып, болып жатқан оқиғалардың белсенді қатысушысы болуына мүмкіндік береді.
Жиналыс соңында ата-аналар мектептің фойесіне түсіп, әкімшіліктен, пән мұғалімдерінен туындаған сұрақтар бойынша кеңес алуға шақырылды.
Жалпы ата-аналар жиналысы нәтижелі өтті. Ата-аналар белсенді қатысушылар және әңгімелесушілер болды.