Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі апталығының ашылу салтанаты болды.
08-12-2022 13:56

Апталықтың мақсаты - қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын оята отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 
Әдеби-музыкалық композицияда Мұқағали Мақатаевтың, Мұхтар Шахановтың, Сырбай Мәуленовтың шығармашылықтарын Республикалық, облыстық оқулардың жеңімпаздары Магарамова Айгюн, Семенов Никита, Абильдинов Дамир, Гайсин Игнаттың және Асылболатова Малика орындады. 
 
Қазақтың ұлттық аспаптары  – жетіген мен домбырада, Шишкина Анна, Алипов Санжар мен Рахат Мақсат қазақ халқының  күйлерін орындады. 
Мерекені ұйымдастырған А.Е.Камзина мен М.М.Қарабаева,  іс-шараның  соңында Нұржан Өмірбай мен Жарасхан Төлебайдың әніне жазылған «Мен қазақпын» әнімен аяқтады.
 
10 күн аралығында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері өздерінің  сабақтарында оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану мен «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудағы тәжірибесімен бөліседі.