Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
қазақ биі Қазыбектің 355 жылдығына арналған «Атадан қалған - асыл мұра» әдеби кеші ұйымдастырылды.
21-12-2022 11:11
 қазақ биі Қазыбектің 355 жылдығына арналған «Атадан қалған - асыл мұра» әдеби кеші ұйымдастырылды.
2022 жылғы 19 желтоқсанында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аяқталып,  қазақ биі Қазыбектің 355 жылдығына арналған «Атадан қалған - асыл мұра» әдеби кеші ұйымдастырылды. 
 
Іс- шарада қазақтың біртуар шешендері Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билердің асыл мұралары сақталып, өткен істерін дәріптейтін ұлағатты сөздер айтылды.
 
Оқушылар белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, қазақ тілінде туған жер, достық, білім туралы мақал-мәтелдер жатқа айтты.
 
Кештің соңында «Той бастар» күйі домбырада ойналып, «Алға, Қазақстан» әніне «Менің елім» қазақ биі орындалды.
 
«Тоғызқұмалақ» және «Асық ату» ойындары кештің ұлттық сәні болды.
 
Мұғалімдер М.М. Қарабаева және А.Е.Камзина көрермендерге оқушылардың да, мұғалімдердің де шығармашылық қабілеттерін және бүкіл онкүндіктің мазмұнын ашатын «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» бейнеролигімен аяқтады.