Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жыл мұғалімі - 2022»
04-01-2023 09:30
 «Жыл мұғалімі - 2022»

2022 жылдың 15-27 желтоқсан аралығында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Жыл мұғалімі - 2022» байқауының мектепшілік кезеңі өтті.

Мақсаты - мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жандандыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау, педагогикалық инновацияларды қолдау, көтермелеу және тәжірибені жалпылау.

Мектептің 13 мұғалімі «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» және «Балаларға жүрек сыйлаймын» тақырыптары бойынша өз эсселерін ұсынды, өздерінің жетістік портфолиоларымен таныстырды, заманауи білім беру технологиялармен цифрлық ресурстарды пайдалана отырып ашық сабақтар өткізді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды:
1 орын - математика пәнінің мұғалімі Арынова Сауле Омирбековна, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мухамеджанов Дулат Суннатович;
2 орын- математика пәнінің мұғалімі Джансеитова Динара Заировна, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абельшаикова Асель Кабдоллаевна;
3 орын - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Магзумова Мадина Жумабековна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сергалина Мадина Заркешовна.
«Жыл дебюті» номинациясы бойынша - бастауыш сынып мұғалімі Каменов Арман Аблаевич, «Үміт» номинациясы бойынша - ағылшын тілі мұғалімі Абитова Алия Муратовна,
«Табысқа ұмтылу»номинациясы бойынша - ағылшын тілі мұғалімі Тансулу Нурлановна Кошкинбаева.

Байқаудың жеңімпаздарын қалалық кезеңге жолдама алуыменен құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!