«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханада 6-сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» оқиғасын оқыды.
Оқушылар оқиға желісі бойынша қойылған көркем фильмнің үзінділерін көріп, 6 В сынып оқушысы Нурмакова Аяна Мұхтар Әуезовтың «Көксерек оқиғасындағы кейіпкер бейнесі» тақырыбында баяндамасын ұсынды.
Мақсаты - «Көксерек» шығармасының қазіргі оқырман үшін маңызын түсіндіру, табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасын, табиғат заңдылықтарын бұзған кездегі салдарын көрсету.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Абылова Мейрамгуль Жумагалиевна мен Абенова Гульзия Кайырбекованың «Мұхтар Әуезов - дәуірдің тұлғасы» тақырыбындағы викторинасына 6- сынып оқушылары белсене қатысты.
Оқушылар Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтты.
Ең белсенді қатысушылар Гусельников Егор, Ыкылас Мухамеджан, Мекежанов Алихан алғыс хаттармен марапатталды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханада 6-сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» оқиғасын оқыды.