Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Қысқы демалыста 10 кітап» акциясы аясында 1-4, 5-6 сынып оқушылары үшін оқырмандар кездесуін ұйымдастырды.
06-01-2023 09:14
«Қысқы демалыста 10 кітап» акциясы аясында 1-4, 5-6 сынып оқушылары үшін оқырмандар кездесуін ұйымдастырды.

2023 жылғы 4 қаңтарда М.Әуезов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Е. Камзина, М.М. Карабаева, М.Ж. Магзумова, С.Б. Байтемирова, Н.К. Абильденова, К.С. Сенкебаева «қысқы демалыста 10 кітап» акциясы аясында 1-4, 5-6 сынып оқушылары үшін оқырмандар кездесуін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты - балалардың оқуға деген  қызығушылығын арттыру, қазақ тіліндегі көркем шығармаларды насихаттау, оқырмандық сауаттылық пен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.

Оқырмандар кездесуі мектеп кітапханасында ұйымдастырылып, оқушылар жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты.

Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған «Жаман жолдас» («Плохой товарищ»), «Әке мен бала» («Отец и сын»), «Бір уыс мақта» («Горсть хлопка») әңгімелерін үлкен қызығушылықпен оқыды.

Әр әңгіме бойынша бейнематериалды қарап шықты, содан кейін оқушылар шығармалардың мазмұнын талқылап, өз  суреттерін салып, таныстырды.

Оқырмандар кездесуі «Кел, балалар, оқылық!» («Давайте, дети, учиться!») белгілі өлеңді мәнерлеп оқумен аяқталды.

Кітаптар әлемінде балаларды кейіпкерлермен күнделікті қызықты кездесулер және жаңа адамгершілік сабақтары  күтуде.