Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
12 және 13 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.
16-01-2023 08:23
12 және 13 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.

12 және 13 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 1-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде ІІ тоқсанның қорытындысы, оқушылардың мектепішілік және мектептен тыс шаралармен айналысуы, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы, мектеп формасына қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер туралы, оқу барысындағы қауіпсіздік мәселелері, тәрбие процесі және жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі қарым-қатынасының алдын алу жайлы мәселелер енгізілді.

Мұғалімдер ата-аналар жиналысын дәстүрлі емес (арт-терапия, ата-ананың және баланың мінез-құлқын модельдеу нұсқалары, педагогикалық жағдайды бірлесіп талдау, психологиялық тренинг, шай үстінде әңгіме) сияқты практикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізді. Мұндай тәсілдер ата-аналардың назарын белсендіруге, сенім мен ізгі ниет атмосферасын құруға, ата-аналарды мәселелерді бірлесіп шешуге ынталандыруға мүмкіндік берді.

Ата-аналар мен мұғалімдердің өзара әрекеттесу атмосферасын тиімді құру үшін мектеп фойесінде кеңес алаңдары орнатылып, мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстар берді. Сондай-ақ, «Сұрақтар мен тілектер сандығында» ата-аналарға өздерінің сұрақтарын жазбаша түрде қойып, қалдыруға мүмкіндік берілді.

Ата-аналар жиналысын өткізудің практикалық формалары ата-аналар тарапынан мектептегі оқу-тәрбие үдерістерінің мазмұнына үлкен қызығушылық тудырды.