Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Касіподак балалары»
23-01-2023 08:15
«Касіподак балалары»

Қарым-қатынастардың тұрақтылығына, руханиятқа, балалардың тууы мен тәрбиесіне, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, аға ұрпаққа құрметке бағдарланған отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 1-15 қаңтар аралығында «Кәсіподақ балалары» облыстық кәсіподақ отбасылық фотосуреттер байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқау Павлодар қаласы мектептерінің жас педагогтары арасында өткізілді.

Мұхтар Әуезов атындағы мектептің жас мамандары А.Т. Шекеева, қазақ тілі мұғалімі, Р. К. Каратаев, дене шынықтыру мұғалімі, К. С. Сенкебаева, қазақ тілі мұғалімі, Р. Ж. Садыкова, математика мұғалімі, К. Е. Картабаева, информатика мұғалімі құндылықтар мен дәстүрлер, ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық қатынастар мәдениеті, салауатты өмір салтын   отбасылық фотография өнері арқылы көрсетті.

Қалалық турдың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды: 3 орын К.С. Сенкебаева, 2  орын Р. К. Каратаев, А.Т. Шакеева және Р. Ж. Садыкова мұғалімдері құрметті 1  орын алды.

Жас педагогтарымызға және олардың отбасыларына байқаудың облыстық кезеңінде табыс пен жеңіс тілейміз.