Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 6 Б сыныбында «Отбасы - шағын мемлекет» атты сынып сағаты өтті.
23-01-2023 07:19
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 6 Б сыныбында «Отбасы - шағын мемлекет» атты сынып сағаты өтті.

Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 6 Б сыныбында «Отбасы - шағын мемлекет» атты сынып сағаты өтті.

Отбасы тақырыбы, отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңда да өзектілін жоғалтқан жоқ.

Сынып сағатына мектеп басшысы Гүлнар Туияковна Топанова. тәрбие жұмысы бойынша басшы орынбасары Раушан Мубараковна Сыздыкова, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Сауле Сабитовна Шакенева қатысты.

Сынып сағатының негізгі мақсаты оқушылардың өз отбасылардың тарихын зерттеу, шығу тегі мен салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Үй жұмысы ретінде оқушылар ата-аналарының көмегімен отбасылық генеалогиялық ағаш құрып келді. Балалар өз тектері туралы мақтанышпен бөлісті. Ата-аналарына арнап жазған оқушылардың жүрекжарды хаттары махаббатқа толы сезімдері іс-шараның шарықтау шегі болды.

Тәрбие құндылығы осындай сәтте сөзсіз: балалар еш бүкпесіз жарқын ойларымен сүйікті ата-аналары, ата-әжелері туралы сыр шертті, кейбір оқушылар көз жастарына да ерік берді.
Балалардың жүрегіне ата-аналар, ұстаздар ұялатқан адамгершілік құндылықтар олардың жеке тұлға болып қалыптасуларына зор ықпал етеді.

Сынып сағатын 6 Б сыныбының жетекшісі Файзулла Анара Ақанқызы дайындап, жүргізді.