Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
2023 жылдың 19-21 қаңтар аралығында М.Әуезов атындағы орта мектепте тарих пәні мұғалімдері пән апталығын өткізді.
26-01-2023 08:16
2023 жылдың 19-21 қаңтар аралығында М.Әуезов атындағы орта мектепте тарих пәні мұғалімдері пән апталығын өткізді.

2023 жылдың 19-21 қаңтар аралығында М.Әуезов атындағы орта мектепте тарих пәні мұғалімдері пән апталығын өткізді.

Әдістемелік апталықтың мақсаты - ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды дайындау және өткізу, тарих пәні мұғалімдерінің оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын дамытудағы іс-тәжірибесін таныстыру, мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеті арқылы оқушыларды зерттеушілік және шығармашылық іс-әрекетке баулу.

Апта бойы мұғалімдер Ш.И.Кыпшакпаева, Ж.Ж. Касенова, А.Б. Купесова, Р.Т. Тыштыков ашық сабақтар өткізді, сабақтарда сыни ойлау стратегиясын, проблемалық оқыту әдістемелерін және ТРИЗ қолданды.

Оқушылар рөлдік ойындарға белсене қатысты, түрлі жағдаяттарды сахналап, бағалады, жұмыс парақтары бойынша жұмыс істеді.

Пәндік апталық барлық сайыстардың қорытындысын шығарумен аяқталды:
- 6 А сынып оқушылары әлемнің 5 мұражайы туралы ақпараттық интерактивті бюллетеньдер дайындады (сынып жетекшісі Арынова С.О.);
- Кенесары Қасымовтың 220 жылдығына арналған ақпараттық плакаттарды 7 Б және 7 Д сынып оқушылары (сынып жетекшілері Купесова А.Б., Несіпбаева У.С.);
- 9 А сынып оқушысы Қуатов Жасұлан жасаған Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған үздік бейнеролик;
– 6-шы сыныптар арасында өткен сайыстың қорытындысы бойынша
6 Д және 6 З сынып оқушылары тарихтың білгірлері атанды.

Байқаудың барлық жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды. Барлық сыныптан тыс шараларға белсене қатысқаны үшін 6 В, 7 В, 8 Б, 10 А сынып оқушылары бағалы сыйлықтарға ие болды.

Пәндік әдістемелік апталықтар педагогтардың шығармашылық әлеуетін ашудың және педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттырудың қосымша шарттары болып табылады.