Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Рақмет саған, Әліппе!»
06-02-2023 08:46
«Рақмет саған, Әліппе!»

1 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 1 Ә сыныпта «Ракмет саған, Әліппе!» атты іс-шара өтті. Бұл бірінші сынып оқушыларының өміріндегі маңызды оқиға: білімге ұмтылу жолында бірінші өтпелі кезең.


Әліппемен қоштасу қуанышты және сонымен бірге қызықты оқиға: балаларға оқуды және жазуды үйреткен бірінші және маңызды кітаптың соңғы беті жабылды. Алда балаларды кітаптардың қызықты әлеміне саяхат күтіп тұр.

Іс-шараға әкімшілік, мектеп мұғалімдері және оқушылардың ата-аналары қатысты. Бірінші сынып оқушыларына көптеген құттықтаулар айтылды.

Мереке концертпен аяқталды: балалар ән шырқады, өлең оқыды, миниатюраларда рөл ойнады. Сынып жетекшісі А. К. Разина оқушыларға естелік дипломдар мен тәтті сыйлықтар табыс етті.