Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз»
06-02-2023 08:50
 «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз»

2023 жылдың 16-31-қаңтар аралығында М.Әуезов атындағы мектебінде «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» республикалық байқауының мектепшілік кезеңіне 3 жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар жас педагогтері қатысты.

Мақсаты - жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау.

Байқаудың қатысушылары «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» тақырыбында шығарашылық эссе жазып, «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында презентацияларын ұсынды. Бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізді.

Біз байқау барысында жас педагогтер өздерінің болашақ мамандықтарын мектеп жылдарында таңдағанын білдік, туыстары мен мұғалімдері үлгі болды. Барлық қатысушылар өз білімін жетілдіруде: семинарлар мен вебинарларға қатысып, екеуі магистратураны оқып бітірді.

Байқау комиссияның шешімімен жүлделі орындар берілді:

Каменов Арман Аблаевич, бастауыш сынып мұғалімі, Гран-при;

Гадамурова Ламара Тархановна, бастауыш сынып мұғалімі, 1 орын;

Сергазиева Балнур Азадбек қизи, бастауыш сынып мұғалімі, 2 орын;

Садыкова Ризагуль Жумабаевна, математика пәнінің мұғалімдері, 2 орын;

Утеубаева Айсулу Ануарбековна, ағылшын тілі мұғалімі, 3 орын;

Сатвалдинова Фарида Жумабаевна, бастауыш сынып мұғалімі, 3 орын;

Каратаев Райымбек Курманбекулы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 3 орын.

Жас педагогтерді жеңіспен құттықтаймыз, білім беру саласында жаңа жетістіктер тілейміз!