Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
М. Әуезов атындағы мектептің оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысының 85 жылдығына арналған «Туған Ертісім» қалалық балалар сурет байқауына қатысты.
06-02-2023 09:04

Мақсаты - балалардың бейнелеу шығармашылығын дамыту және насихаттау, қызықты шығармашылық идеяларды анықтау, өзінің кішкетай Отанына, туған жері мен Ертіс өңірі туралы аңыздар мен мифтерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Біздің мектептен байқауға сурет салу техникасында 5 жұмыс ұсынылды, онда оқушылар жылдың әр мезгілінде Усолка шағын ауданының керемет көрінісін көрсетті: бұл қысқы пейзаж, жазғы табиғат, күзгі эскиздер және теплоходтан Ертіс өзенінің көрінісі.

Сонымен қатар, әр қатысушы авторлық позицияны, шағын ауданның табиғатына деген көзқарасын сипаттайтын эссе түрінде шығармашылық жұмыс ұсынды.

«Туған Ертісім» кескіндеме техникасындағы жұмысы үшін 1 орын алған 5 Ж сынып оқушысы Шишкина Аннаны құттықтаймыз!

Оқушының туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылық жағынан дамытып, шығармашылықпен жұмыс жасағаны үшін көркем еңбек мұғалімі Аманжолова Күлмайра Қабиденқызына және Анна Шишкинаның ата-анасына алғысымызды білдіреміз.