Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
13 ақпан күні М.Әуезов атындағы мектепте ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік апталығы ашылды.
15-02-2023 08:27
13 ақпан күні М.Әуезов атындағы мектепте ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік апталығы ашылды.

13 ақпан күні М.Әуезов атындағы мектепте ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік апталығы ашылды.

Мақсаты - оқушылардың ағылшын тілі бойынша білімдерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ашу және пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарға тарту, балалардың шет тілін үйренуге деген қызығушылығын дамыту.

Таңертеңнен бастап мектеп оқушылары мен мұғалімдерін Dr Alban «It' s my life», Patap and Nastya «KZ ru Ru», O-Zone «Drgstea Din Tei», Lady Gaga «Bloody Mary» әндерімен қарсы алды.

Ұлыбританияның жалауларымен, ағылшын тілін насихаттайтын жарқын баннерлермен, елдің көрікті жерлерімен безендірілген фойеде 5 Д сынып оқушылары флешмоб ұйымдастырып, мерекелік атмосфера құрып, айналасындағыларды өз қимылдарның ырғағына көрермендерді тартты.

Акт залында мереке ағылшын тілінде сөйлейтіндер туралы қызықты деректерден тұратын бағдарламамен, ағылшын ақындарының өлеңдерін жатқа оқумен жалғасты. 8 Б сынып оқушыларының «Робин Гуд немесе ол шерифті қалай алдағаны» фрагментін сахналауы әсерлі, есте қаларлықтай болды. Көрермендер биология және информатика, математика және дене шынықтыру, қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып мұғалімдері ағылшын тілінде шет тілін үйренуге қатысты кеңестер берген бейнебаянды қызығушылықпен тамашалады.

Мереке ағылшын тілі мұғалімдері дайындаған би нөмірімен және балаларды қызықты экскурсияларға, викториналар мен ертегілер фестиваліне, оқырмандар мен ән орындаушылар байқауларына қатысуға шақырумен аяқталды.