23 ақпанда Павлодар қаласының білім беру мектептерінің 2-4 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Олимпиада өтті.
23 ақпанда Павлодар қаласының білім беру мектептерінің 2-4 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Олимпиада өтті.
Тоғызқұмалақ - зияткерлік спорт ойындарының ең қиыны. Бұл тек спорт қана емес, өнер, ғылым, сондай-ақ ата-бабаларымыздан мұра болып қалған философия мен дүниетаным.
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жыл сайын тғызқұмалақ ойнауға ниет білдірушілер саны артып келеді. Жаттықтырушы Асель Кабдоллаевна Абельшаиыкованың басшылығымен жігіттер сайыста нәтижеге қол жеткізе отырып, ойын ойнайды.
4 В сынып оқушысы Бүркіт Мирас Олимпиадада 1 үздік нәтижеге қол жеткізді.
Мирасты жаттықтырушы А.К. Абельшаиыковамен бірге құттықтаймыз, Оқушылар арасында тоғызқұмалақты насихаттауға белсене атсалысуды тілейміз.