Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Juniorskills-2023»
03-04-2023 07:23
 «Juniorskills-2023»

30 наурызда ИнЕУ жоғары колледжінің алаңында Павлодар қаласының 9-сыныптары арасында бағдарламалау бойынша «WEB-әзірлеу» құзыреттілігінде «Juniorskills-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

«JuniorSkills» жасөспірімдер қозғалысының негізгі мақсаты - жасөспірімдерге тез өзгеретін әлемде саналы түрде мамандық таңдауға, білім беру траекториясын анықтауға және болашақта еңбек нарығында өз орнын еш қиындықсыз табуға мүмкіндік беру.

Қозғалысқа қатыса отырып, жасөспірімдер қазақстандық және әлемдік «WorldSkills» қозғалысының бір бөлігі болып қана қоймай, кәсіби мансапты қалыптастыруға және таңдауға алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік алады.

Мұхтар Әуезов мектебін 9 Б сынып оқушысы Барт Даниил лайықты таныстырып,  байқаудың 1 жүлдегері атанды.

Информатика пәнінің мұғалімі Эргашова Замира Шамуритовнаны және оның тәрбиеленушісін тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми білім мен жаңалықтарды бағындыруды тілейміз!