Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«WorldSkillsPavlodar -2023»
04-04-2023 10:21
«WorldSkillsPavlodar -2023»
2023 жылғы 29 наурызда Павлодар машина жасау колледжінің базасында Павлодар облысының 9-сынып оқушылары арасында «WorldSkillsPavlodar -2023» бағыты бойынша «JuniorSkills» өңірлік байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты - кәсіби дайындық негіздерін алу, түрлі мамандықтарда өзін сынап көру, шығармашылық және өнертапқыштық ойлауды жандандыру.

Байқау мынадай құзыреттер бойынша өткізілді: слесарлық және қалыптау ісі, электр монтажы, жабдықтарды жөндеу.

Мұхтар Әуезов атындағы мектепті 9Д сынып оқушылары Буторин Илья, Амантай Бирлан және Исенов Аслан ұсынды.

«Формалау ісі» құзырында Буторин Илья нәтижелі өнер көрсетіп, байқаудың 1жеңімпазы атанды.
Исенов Аслан 2  дипломмен марапатталды.

«Слесарлық іс» құзырында Амантай Бирлан жүлдегер атанып, 2 дәрежелі дипломды жеңіп алды.

Балаларды байқауда табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
Одан әрі жеңістер, саналы түрде мамандық таңдап, лайықты кәсіби білім алуға тілектеспіз!