Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Физиканы соттау» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
10-04-2023 07:57
«Физиканы соттау» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Жаратылыстану-математика циклінің пәндік апталығы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 7-10 сынып оқушыларына арналған физика пәнінің мұғалімдері Г.Н. Умирбаева мен Д.Т. Кожабеков «Физиканы соттау» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты - пәнге деген танымдық қызығушылықты арттыру, физикалық білімді жинақтау және тереңдету.

Іс-шара шығармашылық сипатта және практикалық бағытта өтті.
«Физика» ғылымының сот отырысы өтті. Төреші - Акипов Искандер, прокурор - Манат Әлихан, адвокат - Айткожинов Арафат, сот хатшысы - Шерьезданова Дарина, сотталушы «Физика» ғылымын - Леонтьева Анна ойнаған 10А және 10Б сынып оқушылары рөлдерді тамаша орындады.

7Б және 7В сынып оқушылары «Физика» ғылымын қорғауда тамаша өнер көрсетті! Дәлел ретінде балалар физиканың негізгі постулаттарының мысалдарын келтіріп, физикалық тәжірибелерін көрсетті.

Шара сабын көпіршіктерінен жасалған жарқын және көңілді отшашумен аяқталды!