Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің апталығы аяқталды
17-04-2023 07:59
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің апталығы аяқталды

Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің апталығы аяқталды, негізгі мақсаты білім алушылардың нақты ғылымдарға қызығушылығын арттыру, білімдерін тереңдету, жеке, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін ашу, қоғам өміріндегі ғылымның рөлі туралы түсініктерді қалыптастыру, пәнаралық байланыстарды күшейту болып табылады.

Бірінші күн мектеп фойесіндегі ырғақты флешмобпен, білім алушылар мен педагогтардың жылжымалы ойындарға қатысуымен есте қалды.

Апта қызықты және стандартты емес ашық сабақтарға, танымдық іс-шараларға толы болды:

- «Инфознайка» зияткерлік квест-ойынында 4-сынып білім алушыларға креативтілік жағынан теңдес болған жоқ;

- 5-6 сынып білім алушылары «Математикалық КВН» ойынында батылдығымен және тапқырлығымен көзге түсті;

- 7-9 сынып оқушылары арасында «Ғылымдар бойынша саяхат» зияткерлік ойыны жоғары деңгейде өткізілді;

- 5-сынып оқушылары жаратылыстану бойынша «Жұлдызды сәт» танымдық викторинасында білімпаздылықтарын көрсете білді;

- стандартты емес форматта ашық сабақтар өтті,
интерактивті тапсырмаларды пайдалана отырып квест-ойын, «Саяхаттың үздік гиді» тақырыбында ағылшын тілінде арнайы курс, «Интернеттің пайдасы мен зияны» информатика пәнінен 8 сыныптағы пікірталастар, 5-8 сыныптардағы «Математика әлеміне саяхат» зияткерлік ойыны,
спидкубинг турнирі-Рубик кубын жылдам құрастыру, робототехниканы жақсы көретіндер «Гонки на резиномоторе» техникалық модельдеу бойынша жарысты, 7-10 сынып білім алушылары «Физика» ғылымы бойынша импровизацияланған сот отырысын актерлік шеберлікпен көрсете білді, «Физика» ғылымының маңыздылығын дәлелдеді. Қабырға газеттері, «Менің роботым» вайндар байқаулары пәндік аптада ерекше орын алды.

Аптаның жабылуы мерекелік концертпен, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом табыстаумен аяқталды.