Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
17 сәуірде мәдениеттану циклінің әдістемелік апталығы ашылды.
21-04-2023 07:21
17 сәуірде мәдениеттану циклінің әдістемелік апталығы ашылды.

17 сәуірде мәдениеттану циклінің әдістемелік апталығы ашылды.
Таңертеңнен бастап мектеп оқушылары мен мұғалімдерді музыкалық кездесу – караоке күтіп тұрды; балалар мен мұғалімдер таныс әндерді орындады.

Оқушылар түрлі-түсті ұлттық костюмдер киіп, барлық келушілерге дәмді бауырсақ сыйлады және бүкіл пәндік аптаның бағдарламасын табыс етті.

Бірінші қабаттың фойесінде оқушылар мен көркем еңбек мұғалімдері дайындаған сәндік – қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Апталықтың ашылуы акт залында оқушылардың түрлі шығармашылық байқаулардағы жетістіктері көрсетілген «өнердің сиқырлы әлемі» бейнеролигін көрумен жалғасты.

Естай  атындағы ММҮ «Әләкей» фольклорлық ансамблінің солисті Даутова Әсем Өңдірісқызының өнері көрермендерге ерекше әсер қалдырды. А.Қоразбаевтың «Елге сәлем», А.Бабаджанянның «Маған музыканы қайтарып бер» әндерін тыңдаушылар үлкен таңданыспен қабылдады.

Музыкалық колледж жанындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттан шақырылған қонақтар Данияр Анель мен Абельдинова Адина өздерінің орындаушылық шеберліктерін скрипкамен көрсетті. Олар А.Жұбановтың «Жез киік» және «Ария» әуендерін орындады.

Бір апта бойы «Әнші балапан», «Әй, қыздар!» байқаулары, сондай-ақ, «Менің арманымның кәсібі» және «Менің ата-анамның кәсібі» музыкалық аспаптар мен суреттер байқаулары, шеберлік сағаттары, ашық сабақтар өтеді.