Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Бастау Fest 2023»
21-04-2023 07:22
«Бастау Fest 2023»

«Бастау Fest 2023» балалар-жасөспірімдер шығармашылық фестивалі аясында балалардың бос уақытын қамту және дарынды балаларды дамыту «Павлодар дарыны» Орталығы жалпы білім беретін қала мектептерінің оқушылары арасында жас күйшілердің «Күй шебері» сайысының қалалық кезеңін өткізді.

Сайыс мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем-эстетикалық тәрбие беру.

Сайысқа Павлодар қаласы мектептерінің 22 оқушысы қатысты. Талап бойынша жас күйшілер ұлы күйші Құрманғазының екі күйі «Адай», «Сарыарқа» және өз таңдаулары бойынша шертпе стилінде бір күй тартты.

Мұхтар Әуезов атындағы мектептің атынан 7 Б сынып оқушысы Акитов Дияр сайысқа қатысып, жүлделі 2 орын иеленді.

Диярды және музыкалық жетекшісі Айгүл Адылханқызын Ибраеваны керемет жетістіктерімен құттықтаймыз!