Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
М.Әуезов атындағы мектепте мәдениеттану әдістемелік апталығы аясында алтыншы сынып оқушылары «Жарайсыңдар, қыздар!» байқауы ұйымдастырылды.
25-04-2023 07:11
М.Әуезов атындағы мектепте мәдениеттану әдістемелік апталығы аясында алтыншы сынып оқушылары «Жарайсыңдар, қыздар!» байқауы ұйымдастырылды.

М.Әуезов атындағы мектепте мәдениеттану әдістемелік апталығы аясында алтыншы сынып оқушылары «Жарайсыңдар, қыздар!» байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты - дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзін-өзі көрсету, көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Байқаудың бірінші кезеңінде көрермендер дарынды, мақсатты, эмоционалды және креативті қыздарды көрді.

Зияткерлік байқау қыздардың көркем еңбек бойынша пәндік білімдерін анықтауға мүмкіндік берді.

«Шаштараздар» байқауына қатысқан жас шеберлер шаш пішу және бірегей шаш үлгілерін жасау шеберліктерін көрсетті.

«Шығармашылық» байқауы барысында жанкүйерлер, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер заманауи әндер мен би орындауды тамашалады. Қатысушылар өз жанрында әртістік пен шеберлікті көрсетті.

«Қол астындағы материалдардан жасалған сәнді киімдер» байқауы ерекше әділқазыларды таңқалдырды.
Әр қатысушы өз киім үлгісін көрсетті. Түрлі материалдар қолданылды: пакеттер, пластикалық стақандар мен қасықтар, қағаз және басқа да қолдағы заттар.

Қазылар алқасы байқауды қорытындылай келе, келесі номинацияларды анықтады:
«Ең шығармашыл» - Нурмакова Аяна, 6 В сынып оқушысы;
«Ең талантты» - Алиева Зарина, 6 Д сынып оқушысы;
«Ең әдемі» - Сағит Әзель, 6Ж-сынып оқушысы;
«Сүйкімді күлкі» - Жексенбаева Даяна, 6 З сынып оқушысы;
«Ең креативті» - Тембаева Ажар, 6 А сынып оқушысы;
«Нәзікті» - Айтхожина Томирис, 6 Г сынып оқушысы;
«Көз тартымды» - Серик Жания, 6 Е сынып оқушысы;
«Кішіпейілді» - Мадибекова Айым, 6 Б сынып оқушысы.

Көркем еңбек мұғалімдері Аманжолова Кульмайра Кабиденовна мен Жангужинова Гульнар Какеновна  іс-шараны ұйымдастырудағы шығармашылық көзқарасы, мектеп оқушыларының талантын ашуға мүмкіндік жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз.